Атырау жұртшылығы айтып келмейтін апаттың зардабы қандай боларын жақсы біледі. Өңірде 1993 жылғы көктемде Қызылқоға, Жылыой аудандары су тасқынынан қатты зардап шекті. Сол кезде еліміздің әр түкпірінен көмек келді. Енді сондай апаттың зардабын көршілес Батыс Қазақстан облысындағы ағайынның көруі баршаны қиналтуда. Мұндайда қандай көмек те артық етпейді.
Әр мекеме ұжымы, әр отбасы көмек қолын созғысы келеді. Атырау облысының судьялары бір күндік жалақыларын, яғни 750 000 мың теңгені Батыс Қазақстан облысында ашылған қайырымдылық қорына аударды. Ал облыстық мәслихат депутаттары кезектен тыс сессияда батысқазақстандықтарға 100 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсету жөніндегі ұсынысты қуаттады. Сессияға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукеновтің айтуынша, Атырау облысы тек қаржылай қолдау берумен шектеліп қалмайды. Бұған қоса Батыс Қазақстан облысына құрылыс материалдары, жанар-жағармай жіберіледі.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ.
Атырау облысы.