Президент • 10 Сәуір, 2017

Назарбаев Мысырдағы терактіге байланысты көңіл айтты

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Президенті Әбдел Фаттаху Ас-Сисиге Танта мен Александрия қалаларында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев Мысырдағы терактіге байланысты көңіл айтты

Жеделхатта Мемлекет басшысының Танта мен Александрия қалаларында болған террорлық актіден қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылады. 

Естеріңізге сала кетсек, 9 сәуірде Мысырда төрт жарылыс болды. 

Соңғы жаңалықтар