Қазақстан • 11 Сәуір, 2017

Сенат төрағасы «Егемен» көтерген мәселеге назар аударды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Мақалада еліміздегі аң-құстардың қорғалуына қатысты мәселелер қозғалған болатын.

Сенат төрағасы «Егемен» көтерген мәселеге назар аударды

«Егемен Қазақстан» газетінің кешегі шығарылымында жарық көрген «Жортқан аң, ұшқан құстың киесі бар» атты мақала (авторы - басылым шолушысы Жылқыбай Жағыпарұлы) түйкілді мәселені дөп басқандай.

Мазмұнды мақала ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның да назарын аударса керек, өзінің Twitter әлеуметтік желі парақшасына аталған мақаланың сайттағы сілтемесін жариялай отырып: «Өте өзекті мәселе, зер салуымыз керек», деп жазды.

Мақала еліміздегі аң-құстардың қорғалуындағы сақталып отырған бірқатар мәселелерді кеңінен баяндап берген-ді.

Соңғы жаңалықтар