Қазақстан • 13 Сәуір, 2017

Тұлғалардан өнеге алуға шақырады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаһандық кон­­­­ъ­ю­нктура­ның өз­­ге­руі жә­­не ха­лық­­ара­лық бә­се­­­­к­е­­­лестіктің ши­е­­­­­­ленісуі жағ­­­да­­­­йын­да Қазақ­с­тан­ осы жыл­дан бас­тап эко­­­но­ми­калық жә­­­­не саяси жаң­ғыр­удың жо­лына түскен бола­тын.

Тұлғалардан өнеге  алуға шақырады

Бұл жағдайда Ел­­б­а­сы Н.Ә.Назарбаев­тың «Бо­ла­шаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» атты бағ­дар­­ламалық мақала­сын­да белгіленген рухани жаң­ғыруға көшу өте уақтылы болып отыр және осы үде­ріс қоғамдағы орын алып жат­қан эко­но­ми­ка­лық және сая­си ре­фор­ма­лар­дың сәт­ті жү­зе­ге асуына негіз болады. 

Рухани жаңғыру ха­лық­­ты ұлттық ка­зақ­стан­дық біре­гей­лік­ті­ сақ­тауға жә­не қа­зақ­­стан­­дық­тар са­на­сы­­ның жа­ңа ке­зеңнің құн­­ды­лы­қ­та­ры­на ашық болуына ба­ғыттайды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз мақаласында «Қа­зақ­станда­­ғы 100 жаңа есім» жобасының іс­ке асырылуына ерекше кө­ңіл бөлген бо­латын. Бұл жо­баның бас­ты мақсаты – талантты жә­не жұмыс істейтін салаларында үлкен же­ті­с­­тіктерге жеткен қа­зақ­­­стандықтардың тағ­дыр­лары және өмірбаян­дарымен барша халықты та­ныстыру. Осы жоба қо­­ғам­ның назарын қазіргі за­манның ірі тұлғаларына на­зар аударуға және бұл адамдардың өмірлері әр қазақстандық үшін өз арманына жету жолындағы бағдарына айналуына мүм­кін­дік береді.

Найля Әлмұхамедова,

Қазақстан Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері


Соңғы жаңалықтар