Аймақтар • 13 Сәуір, 2017

Мазмұны бай, мағынасы терең

735 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бас басылымда жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай Қарағанды облысы әкімдігінде алқалы жиын өтті. Елбасы мақаласының мәні мен маңызын талқылауға жергілікті биліктің белді өкілдері, қоғам қайраткерлері, белсенді жастар қатысты.

Мазмұны бай, мағынасы терең

Жиынға төрағалық еткен ай­мақ басшысы Ерлан Қошанов алғы сөзінде: – Облыстың мил­лион­даған жұртшылығы, әрбір тұрғыны – Президенттің бар­лық стратегиялық бастама­­ла­рын жүзеге асырудағы тіре­гі еке­нін ерекше сезінеді. Сон­дық­­­тан біз жедел актив жиналы­сын ша­­қырып, халыққа, жергі­лікті би­­лі­кке, бұқараға – Елбасы­мыз Нұр­сұлтан Әбішұлы Назар­баев­тың «Болашаққа бағ­дар: ру­ха­ни жаңғыру» атты ма­қа­ла­сы­ның маңызын түсін­діру үшін жи­нал­дық. Бүгін жарияланған мақала – Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы» Жолдауымен үндестік тауып, біздің алдымызда рухани даму, жаһандық жаңғыру жолында үлкен әрі тарихи міндеттер қойып отыр, – деді.

Алғашқы сөзді Қазақстан жазушылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының дирек­торы, белгілі  ақын Серік Ақсұң­қарұлы сөйледі. –  Елбасы бұл мақаласы арқылы дүние жүзін­дегі ең дамыған отыз елдің қата­рына қосылуға ұмтылған қазақ­тың сөз қолданысына  «ұлттық сана» деген тіркесті енгізді. Үш жүз жылдық бодандық етіміз­ден өтіп сүйегімізге жеткен тұста ер Махамбет пен мұзарт Мұқағалидың рухы арқамызға қайта қонғандай болды. Бұл мақа­ла ірі оқиғалардың бастауы болады әлі, – деді.  

Сонымен қатар, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгеру­шісі, саяси ғылымдар кандида­ты, доцент Дастан Көшербаев өз ойын ортаға салып, мақалада көр­сетілген әр реформаға байланысты пікір білдірді.

Аталмыш басқосудан қараған­дылық белсенді жастар да қалыс қалған жоқ. Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығының ақпаратты қамтамасыз ету және әлеуметтік технология бөлімінің басшысы Ержан Хамитов мін­берге шығып: – Елбасы атап айт­қан­дай: мемлекет пен ұлт құ­рыш­тан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Мақаладағы «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» деген сөз – дәл жағдайды дөп басқан қоғам диагнозы. Қарағанды облысының әрбір тұрғыны жаңғыру процесіне өз үлесін қосуға дайын деген сенім­демін, – деп жиналған қауым­ды жігерлендіре жалынды сөз айтты.

Баяндама жасаушылардың қатарында облыстық мәслихаттың депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де бол­ды. Қайсысы болсын, бүгінгі күннің бас­ты назарындағы ма­ңызды мәсе­лені жан-жақты талқы­лауда ішкі ойларын іркіп қалмады.

«Мәңгілік Ел» идеясының маз­мұнын жан-жақты айқындай түс­кен бұл мақала шын мәнінде ел дамуының рухани бағытындағы басты темірқазық болуы шарт.

Бұл келелі кеңестің қорытынды ортақ пікірі болды.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан» 

Қарағанды облысы


Соңғы жаңалықтар