13 Сәуір, 2017

Күн құдайының символы

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Суреттегі жәдігер 1979 жы­лы Алматы облысы Кіші Алматы өзенінің маңынан та­былған.

Күн құдайының символы

Ғұрыптық рәсімге ар­налған қола шырағдан жұқа селдір конус тәрізді тіреуіш, жануарлардың мүсіні бар дөңгелек табақ, садақ ұстаған салт аттының мүсіні және түтік­шелі тұғырдан тұрады. Қазіргі таңда бұл жәдігердің мекені – елордадағы Ұлттық музей.  

Бейнесіне қарай отырып, шырағданның ғұрыптық рәсімге арналғанын байқауға бо­латындай. Әсіресе жан­уарлардың мү­сіні бар дөң­гелек табақта ерекше ком­­позициялық бірлік бар. Бас­тарын сол жаққа бұрып орналастырған он бес бұқа мен қолына садақ ұстап тұрған  салт аттының мүсіні көрерменді түрлі ойларға жетелейді. Көп­шілік ғалымдар салт аттыны мифологияда кездесетін күн құдайы Митраға теңейді. Ал шырағдан табағы – ол мекен ететін тау. Айта кетейік, жә­дігер біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-І ғасырдың еншісіне тиесілі. Осы затпен бірге табылған көп­теген тұрмыстық бұйымдар қа­зіргі Алматының орнында бұ­рын да үлкен қала болғанын айғақ­тайды.

Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан»