Білім • 13 Сәуір, 2017

Мектеп оқушылары университетте оқиды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда еліміздегі алғашқы Ба­лалар университеті ашылды.

Мектеп оқушылары университетте оқиды

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде бастау алған жоба Kids University деп аталады. Әлем бойынша осы іспетті 150 оқу орны бар. Оқушылардың жалпы білім беретін мектеп бағдарламасының аясынан шығып, халықаралық білім кеңістігіне енуіне жағдай жасау, ғылымға баулу, жаңа технологияларды қолдана білуге үйрету Балалар уни­верситеті арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұл жобаның ерекшелігі – жас­өспірімдер оқып қана қоймай, ғылым мен техникаға қатысты сауалдарына жауап алады. Ғалымдар қызықты дәрістер өткізеді.

– Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы кезінде аймақтағы 5-11 сыныптарда оқитын 52 оқушы универси­тетке қабылданды. Математика, ин­форматика, экология, ағылшын тілі, тарих пәндерінен сабақ алып, көр­кемсурет студиясында жұмыс істеді. Оларға арнайы студенттік билеттер табысталды, – дейді Балалар универ­ситетінің ректоры Орынгүл Әбілова.  

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ


Соңғы жаңалықтар