Кино • 13 Сәуір, 2017

Алматы мен Астанада француз кинофестивалі өтеді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​22 және 25 сәуір аралығында Қазақстанда көрермен назарына француз кинематографының ең үздік туындыларын ұсынатын сегізінші «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалі өтеді.

Алматы мен Астанада француз кинофестивалі өтеді

Биыл Фестиваль алғаш рет бірден екі қалада – Астана мен Алматыда өтеді. Бағдарламаға кірген фильмдер алуан түрлі жанрларды қамтиды: шытырман оқиғалар, биопик, Пьер Ришар мен Кристиан Клавье ойнайтын комедия, Катрин Денев ойнайтын мелодрама және «Кабачоктың өмірі» анимациясы («Оскар» сыйлығының номинанты). Сонымен қатар қазақстандық көрермен әдеттегідей «Қысқа метр» бағдарламасын тамашалайды. Биыл аталмыш бағдарлама аясында 15 туынды ұсынылады. 

Фестивальдің ашылуы (Алматы) мен жабылуы (Астана), сондай-ақ оның негізгі көрсетілімдері Фестивальдің басты алаңы болып табылатын «Арман» киноорталығында өтеді. Фестивальді UniFrance компаниясы және Францияның Қазақстандағы елшілігі және «Alliance française» қоғамдық ұйымы сияқты серіктестері ұйымдастырады.  

Соңғы жаңалықтар