Дональд Трамп сонымен қатар ФРЖ-ның қазіргі төрайысы Джаннет Йеленнің осы лауазымдағы мерзімін ұзарту мүмкіндігін де жоққа шығармайды. "Маған ол ұнайды. Мен оны құрметтеймін", деді Трамп Йеллен туралы.
Естеріңізге сала кетейік, сайлауалды кампаниясында Трамп Йелленді орнынан алып тастайтынын айтқан еді.
"Доллардың пайыздық үстемесінің төмен болғаны дұрыс. Шындығына келер болсақ, доллар тым қымбат. Әрине, бұл сырттай қарағанда жақсы көрінеді. Бірақ өзге елдер валюталарын әдейі девальвациялап жатқан кезде біздің қуатты доллармен бәсекеге түсуіміз қиын", - деді Трамп.