Медицина • 14 Сәуір, 2017

Мақсаттарымызды іске асыруға жәрдемдеседі

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсын­ған ұлттық рухани тұғырнаманы іске асы­руда депутаттардың жауапкершілігі жоғары. Рухани жаңғыруды заң аясында жүзеге асыру үшін онда айтылған ұсы­ныстар заңнамалық тұрғыда қамта­масыз етілуге тиіс екені белгілі.

Мақсаттарымызды іске асыруға жәрдемдеседі

Отанымыз – ортақ, мақсатымыз – бір. Бәріміз Ұлы Даланың ұрпақтарымыз. Дегенмен, әркімге де туған топырағы, балалық, жастық шағы өткен жер ыстық. Бұл орайда, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы атажұртын сүйетін әр азаматтың көңілін жылылыққа толтырады.

Біздер, еліміздің әр аймағынан сайланған сенаторлар сайлаушылармен кездесуде аймақтарға, сайлау учаскелеріне бар­ғанымызда, Елбасының рухани жаңғыру туралы идеяларының патриоттық мәнін халық назарына жеткізетін боламыз. Сондай-ақ, оны іске асыру жайы жан-жақты талқыланады, елдің ұсыныс-тілектерінің қаперге алынуы да назарда болады.

Бірғаным ӘЙТІМОВА,

Парламент Сенатының депутаты