Медицина • 14 Сәуір, 2017

Көңілімнің төрінен орын алды

123 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен, дәстүрдің озығы бар, тозығы бар де­ген елдің ұрпақтары ретінде Елба­сы­ның «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласын әрқайсымыз үшін ұлт­тық ге­не­тикалық кодымызды сақ­тай оты­рып, жаңғыру жолымен жүруге бе­ріл­ген нақты бағдарлама деп қабыл­да­дым.

Көңілімнің төрінен орын алды

Қатардағы Қазақстан азаматшасы ретінде де, мемлекеттік қызмет­кер ретінде де мақаланың әр сөзі көңілім­нің төрі­нен орын алды және мемлекетті­гіміз­дің дамуының келесі кезеңінде жүзеге асыра отырып, ең басты құндылығымыз – Қазақстан тәуелсіздігін сақтау үшін жос­парланған рухани жаң­ғы­рудың тетігі, деп ойлаймын.

Иә, Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев анық айт­қан­дай, халық бә­­се­кеге қабі­леттілігін арттырса ғана табыс­­қа жетпек. Халықтың бәсеке­ге қабі­лет­ті болуы дегені­міз – қоғамның әрбір мүшес­і­нің әлеуметтік, экономикалық, саяси бәсе­кеге қабілетті болуға ұмты­луы, яғни қоғамдық сананың өсуін, жаң­ғыруын қамтамасыз ету.

Бұл орайда, қазақстандық әйелдер қауымдастығының қо­ғам­дағы орны, белсенділігі жыл­дан-жылға қаршындап күшейіп келе жатқандығы тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен бір игілігіміз екендігі анық. Қазіргі уақытта бұл ба­ғыттағы әлеуеттің мық­ты екендігін Президент жанын­дағы Ұлттық комиссия өт­кізген сараптаманың нәти­жесінде көріп отырмыз.

Ең алдымен отбасылық құнды­лық­тардың иесі, сақтаушысы және келесі ұрпаққа жеткізушісі ретіне, содан кейін заман талабын – кәсіпкерлікті игерген, сая­си белсенділік танытып, қы­руар әлеуметтік жобалар мен ізденістердің авторы бо­лып отырған қазақстандық әйелдер қауымдастығы Ел­­басы айтқан жаңа тарихи кезеңде ұлтымыз үшін, мем­лекетіміз үшін атқары­латын аса маңызды міндеттерді бел­сенді түрде жүзеге асырушы, ұйым­дас­тырушы, болмақ.

Ләззат СҮЛЕЙМЕН,

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы  Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары