Аймақтар • 14 Сәуір, 2017

Сұйытылған газ тапшылығы төмендеп келеді

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен наурыз айының аяқ шені мен осы сәуір айының басында Ақтөбе аймағында сұйытылған газ тапшылығы пайда болды.

Сұйытылған газ тапшылығы төмендеп келеді

Сонымен бірге, оның бағасының негізсіз өсу көріністері орын алды. Бүгінгі күні мұның басты себебі, көлеңкелі бизнестің бас көтергені, әртүрлі әкімшілік тосқауылдар және әдейі қолдан жасалған ұзын-сонар тізбек пен кезек екені белгілі болып отыр. Әрі осы жағдайды жұмыртқадан жүн қырыққан делдалдар өз пайдалары­на ұтымды пайдалана білген.

Осы мәселені реттеу үшін облыста құ­рылған штаб сұйық отынның нақ­ты құны қандай екенін айқындауға ден қойған еді. Қазіргі оның бөлшек сау­­­дадағы бағасы 25 пайызға дейін тө­­мендегені штаб құрамының нә­ти­­­желі қызметінің белгісіндей әсер қал­­дырады. Яғни бүгінде отынның бір литрінің құны 55-тен 41 теңгеге тө­­мен­деді. Бұған қоса соңғы күндері сұй­ытылған газ көлемі де бірнеше есе өсіп, 7200 тоннаны құрады. Осының бә­рі сұйытылған газға деген зәрулікті тө­мендетіп, газ құю бекеттерінде оның оң­тай­лы бағамен берілуіне жол ашты.

Атап айтар болсақ, Ақтөбе қа­ла­сын­д­а зауыт өнімін отыз газ құю бекеті жү­­зеге асырады. Күн сайын тұтастай өңір­­дегі және облыс орталығындағы ав­­то­көлікке газ құю бекетіне 390 тонна жанармай түседі. Штаб басшысы об­­лыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің мәлімдеуінше аталған кө­лем сұйытылған газға деген ішкі қа­жет­тілікті өтеуге толығымен жетеді. Сон­­дай-ақ, оның айтуынша отынның бар жоғы мен мөлшеріне және ба­ға­сы­н­а тұрақты түрде жүргізілген маниторингтер де оң әсерін тигізген.


Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»


Ақтөбе облысы


Соңғы жаңалықтар