Аймақтар • 14 Сәуір, 2017

Баяндамадағы баға мен базардағы баға жер мен көктей

222 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы азық-түлік тауарларының бағасы ас­пан­дап бара жатқаны шындық. Мә­се­ле­ге байланысты аймақ басшысы Ерлан Қошанов дүкендерді аралап, әлеуметтік маңызды азық-тү­лік­тің ба­ғасын өз көзімен көріп қай­т­ты.

Баяндамадағы баға мен базардағы баға жер мен көктей

Сәй­кесінше, бағаны тұрақты ұс­тап тұ­ру шараларына байланыст­ы қа­да­ғалау жүргізіп, аппараттық жиында қызыл сөз­дің қырманын қыздырған ба­яндама­ларды өткір сынға алды.

Осы жиында облыс әкімінің орын­ба­сары Шагурашид Мамалинов жедел және жүйелі сипаттағы шаралар қа­былдау жоспарланғанын баяндады. Аймақаралық кооперация аясында мамыр айының ортасында оңтүстіктен жаңа піскен көкөністерден алғашқы «жасыл керуендер» келеді деп кү­ті­лу­де. Ш.Мамалиновтың айтуынша, апта сайын картоп, қырыққабат, сә­біз, қызылша 5 көліктен келеді. Жа­ңа піскен көкөністер негізінен әлеу­меттік павильондар арасында үлес­тіріледі.

Ерлан Қошанов облыс орта­лы­ғындағы және облыстағы басқа қа­ла­лардағы супермаркеттерде әлеу­мет­тік сөрелер жасауды тапсырды. Бұл мә­селе сауда бизнесінің ие­ле­рі­мен ке­лісіліп жатыр. Мұндай жеке сө­ре­л­ер сәуір айының соңына дейін пайда бо­­луы керек. Бұдан басқа, Қарағандыдағы 23 әлеу­меттік павильон мен комму­нал­дық базар «Сарыарқа» ӘКК балансына өтпек. Алдағы уақытта әлеуметтік па­вильондар саны екі есеге артады.

Ауылшаруашылық кооперация­ны дамыту – нарықта жергілікті жер­де өсірілген көкөністер мен ет­тің сатылуына қолайлы жағдай ту­ғыз­бақ. Отандық өнімдерді өткізу үшін Қарағандыда көтерме-тарату орта­лығын құру қарастырылған. Құры­лы­сты биыл бастап, 2018 жылы бітіру көз­делген. Аймақ басшысының айтуынша, ол дүкендерді аралап, бағаларды өз кө­зі­мен көрген.

– Қазір көрсетіп отырған баға­ла­ры­ңыз – жер мен көктей. Өз-өзімізді ал­дау­дың қажеті жоқ. Баяндамаңыз әде­мі. Халық бәрін де көріп отыр. Нақ­ты бағаны бақылап отыратын жұ­мыс тобы құрылды, – деп ескертті әкім орынбасарына.

Дерек бойынша, облыста жер­гі­­лікті тауар өндірушілер ұн, нан, кар­­топ, қызылша, сиыр мен құс еті, сүт өнімдері және тауық жұ­мы­р­т­қа­сы бойынша қажеттілікті қам­та­ма­сыз етіп отыр. Дегенмен, өзі­міз­д­е шы­ғарылатын макарон өнім­де­рі, са­ры май мен ірімшік, кө­кө­ніс­терден – қырыққабат, сәбіз бен пи­яз жет­кі­­лік­сіз.


Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»


Қарағанды облысы


Соңғы жаңалықтар