Аймақтар • 14 Сәуір, 2017

Қолөнерді қолдап отыр

1311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді Атыраудағы мүмкіндігі шектеулі жандар бос уақыттарын тиімді өткізіп, түрлі ұлттық бұйымдар жасауды үйренеді. «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлес­тігі «Қолтаңба» атты қолөнер жобасын бастады.

Қолөнерді қолдап отыр

– Қазірдің өзінде 17 қыз-келіншек жобаға қатысуға өтініш білдірді. Олар ою ойып, көрпе тігуді, кілем тоқуды меңгереді. Ер азаматтар ағаш пен темірден бұйым түрлерін жасайды. Бір жыл бойы оқытамыз. Кейін же­ке кәсіптерін ашуға, жұмысқа орна­ласуға көмектесеміз. Жоба қа­тысушыларының жасына шектеу қойылмайды, – дейді қоғамдық бірлестік төрайымы Күлбаршын Нұржігітова.

«Мүгедек әлемі» үкіметтік емес ұйымының құрылғанына би­ыл 15 жыл. Осы уақыт ішінде ұйым мүшелері 35 жобаны жүзеге асырған.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ


Соңғы жаңалықтар