Қоғам • Бүгін, 12:57

6 жылға сотталған Жақсылық Омар мерзімінен бұрын босап шыға ала ма? Прокуратура түсініктеме берді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты шыққан сот үкіміне пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

6 жылға сотталған Жақсылық Омар мерзімінен бұрын босап шыға ала ма? Прокуратура түсініктеме берді

Фото: Instagram/zhaksylyk_omar

Бұған дейін Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық істі қараған болатын. Ол ірі көлемдегі алаяқтық және ірі мөлшерде пара алу бойынша айыпталған.

3 сәуірде сот үкімі жарияланып, Жақсылық Омар кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мүлкі (Toyota Camry автокөлігі) тәркіленді. Сондай-ақ оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға тыйым салынды. Жазаны ол орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Прокуратураның мәліметінше, бұл іс сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарға жатады және мемлекеттік қызметтің беделі мен қоғамның сеніміне нұқсан келтіреді. Айыптаушы тарап соттан заңда көзделген ең қатаң жазаны сұраған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады

Сонымен қатар, прокуратура қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға рақымшылық пен мерзімінен бұрын шартты түрде босату нормалары қолданылмайтынын атап өтті.

Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар