Қазақстан • 15 Сәуір, 2017

​Қостанайда ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді облыстық ішкі саясат басқармасын Бибігүл Аққожина басқаратын болды.

​Қостанайда ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бибігүл Бүркітқызы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. 1997 жылы осы университеттің жалпы және арнайы психология кафедрасында оқытушы болып бастады. 2000 жыдан бастап Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттікте бас маман, 2002 жылы облыстық ішкі саясат басқармасында талдау және мониторинг бөлімнің бастығы, 2009 жылдан осы басқарма басшысының орынбасары, 2015 жылы Қостанай қалалық әкімінің орынбаары қызметін атқарды.

Отбасылы, ұл мен қыз тәрбиелеп отыр. Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген.