27 Сәуір, 2011

Ықпалдастық жолындағы жүздесу

265 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Ас­та­на­ға Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (Түрк ПА) ІІ жалпы отырысына қатысу үшін Астанаға келген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Ахматбек Келдибековпен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның екіжақты қатынастарын, оның ішінде пар­ла­ментаралық ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселелері тал­қы­ланды. «Қырғызстан Қазақ­стан­ның маңызды стратегиялық әріп­тесі және тату көршісі болып та­бы­лады», деді Қ.Мәми және ол біздің еліміздің ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мен ұлттық эко­номиканы дамыту жөніндегі Қыр­ғызстан басшы­лы­ғының күш-жігерін қолдайтынын атап өтті. Осыған байланысты Төраға қазіргі кезде Қазақстан жағы Қыр­­ғызстанға көмек беру жө­нін­дегі мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуге кіріскеніне, сонымен қатар, Президент Н.Назарбаев би­ылғы Жолдауында бұл мәсе­леге ерекше көңіл бөлгеніне тоқ­талды. Қ.Мәмидің айтуынша, заң шығару органдары арасындағы тұрақты байланыстар екіжақты және көпжақты тұрғыдағы ын­тымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Қазақстан мен Қырғызстан парламентшілері ТМД, ЕурАзЭҚ және ҰҚШҰ Парламенттік ас­сам­блеялары аясында өзара белсенді іс-қимыл жасауда. Осы ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдың парламенттік байла­ныс­тарды одан әрі нығайту, Төр­аға атап өткендей, ортақ стра­те­гиялық мақсаттарға жауап беретін ықпалдастық үдерістерін дамытуда маңызды рөлі бар. Түркітілдес мемлекеттердің Пар­ламенттік Ассамблеясының қыз­метіне қатысты Қ.Мәми Қа­зақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Түрк ПА-ны дамытуға қосқан қырғыз жа­ғы­ның үлесі үшін ризашылық білдірді. «Бауырлас халықтардың Ассамблеясы халықаралық парламенттік ұйымдар арасында ерекше орын алатыны даусыз», деді Сенат Төрағасы және ол «оның табысты жұмысы біздің халықтарымыздың игілігіне арналады» деп сенім артты. А.Келдибеков, сонымен бірге, мемлекетаралық қатынастардағы барлық салалар бойынша Қа­зақ­стан мен Қырғызстан байла­ныс­тарын одан әрі нығайтуды жақ­тайтынын айтты. Оның ай­туын­ша, парламенттік желі бойынша ынтымақтастық екі елдің жан-жақты қатынастарын тереңдетуге қомақты үлес болады.