Аймақтар • 17 Сәуір, 2017

Эволюциялық даму: жастардың рөлі

281 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­да­р­ламалық мақаласын талқылауға арналған «Қазақстан­ның эволюциялық дамуындағы жастардың рөлі» атты жиын өтті.

Эволюциялық даму: жастардың рөлі

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақ­стан жастарының конгресі бір­лесіп өткізген шараға вице-министр Абзал Нүкенов, Пар­ла­мент Мә­жі­лісінің депутат­та­ры Бақтияр Мә­кен мен Ге­н­надий Шиповских, рес­пуб­ли­калық жастар ұйым­да­рының көшбасшылары, ел­ор­далық студенттер қатысты.

Дін істері және азаматтық қо­ғам министрінің орынбаса­ры Абзал Нүкенов айтып өт­кен­дей, биылғы жылдың ал­ғаш­қы тоқсаны еліміз үшін аса маңызды оқиғаларға то­лы болды. Жыл басында Ел­ба­­сының конституциялық ре­фор­­маларға қатысты Үндеуі жа­­рияланды. Мемлекеттік би­­лік тармақтарының өкі­ле­т­­тіктері қайта қаралып, бір­қа­­тар жауапкершіліктер мен өкі­леттіктер Үкімет пен Парл­а­­м­ентке жүктелді. Жергілікті бас­қарушы органдардың рө­лі күшейді. Еліміз үшінші эко­но­микалық жаңғыру жолына қа­дам басты. Еліміздің алдағы уа­қытта әлемнің дамыған отыз елі­нің қатарына қосылуы үшін рухы бай, мәдениеті жоғары, білімі кемел азаматтық қоғам қалыптастыру керек.

– 12 сәуір күні «Егемен Қазақстан» газетінде Елбасы­мыз­­дың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­ламалық мақаласы жарыққа шықты. Бұл біздің еліміз үшін үлкен ма­ңыз­ға ие, құндылығы тең­дессіз дү­ние деп білеміз. Президент мақа­ла­сының қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін жете түсіну үшін, оның астарына тереңірек үңі­лу үшін бүгінгі кездесуге жас­тардың өздері мұрындық бол­ға­нына қу­а­ныштымын, – деді Абзал Нүкенов.

Жиын барысында Мәжіліс де­путаттары, «Қазақстан жас­та­р­ы­ның конгресі» заң­ды тұлғалар бір­лестігінің жетекшілері сөз сө­й­-

леп, Елбасы мақаласының жас­тарға қатысты бөлімдері туралы өз ойларын ортаға салды.  

Дін істері және азаматтық қо­ғам министрлігінің өкілдері жас­тармен жұмыс істейтін орган ретінде алдағы уақытта жастар ұйымының қанатын кеңге жаюына, ел игілігі үшін қолға алған жұмыстарына қолдау көрсетуге, жаңа жобалардың жолын ашуға әрдайым әзір екендіктерін айтты.


Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»