Аймақтар • 17 Сәуір, 2017

Рухани құндылыққа жетер өлшем жоқ

152 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалындағы жиын республика Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына арналды. Мұнда маңызды саяси-ұлттық құндылықтар мен мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы айтылған. Біздің бүгінгі мақсатымыз – елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Сондықтан, Елбасы мақаласында бүгінгі өскелең заман талаптарына сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылған деп атап көрсетілді аталған жиында.

Рухани құндылыққа жетер өлшем жоқ

Елбасының мақаласы тура­лы зиялы қауым өкілдері өз­дерінің ой-пікірлерін ор­та­­ға салды. Алғашқы болып Қа­зақ­стан Жазушылар ода­ғы­ның мүшесі, «Адырна» әдеби жур­налының бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлы Елбасы ма­қа­ласының маңыздылығына тоқ­­талып, онда айтылған мә­се­лелердің елге, халыққа берері көп екенін жеткізді.

– Елбасының бағдарламалық мақаласы – халықтың, қазақ­тың үлкен, ұлы мәселесі. Сон­дық­тан, бұл мақала санасы сер­гек, болашақты ойлайтын азаматтардың барлығына өте тү­сінікті деп ойлаймын. Онда ха­лыққа барлық мәселелер өте нақты айтылған. Ел­ба­сы өз мақаласында бүгінге дей­ін елімізде саяси реформа, экономикалық даму мен өр­кен­деу мәселесі айтылғанын, ен­дігі уақытта солардың негізгі ұс­ты­ны – рух мәселесін көтеру, – деп бастады ол өз әңгімесін.

Дүниеде көптеген ұлт­ осын­дай ұстынның жоқ­ты­ғы­нан, әркімнің жетегінде ке­ту­дің кесірінен, болмаса адами, пен­делік адасудан жер бе­тінен жойылып, тек аттары қалғанын тарихтан білеміз. Не болмаса, олардың бөлшек-бөл­шек болып бөлінгенін де бі­леміз. Бұл бағдарлама біздің хал­қымызға керек, бұл – рухани да­муымыздың бағдарламасы. Сондықтан, Елбасы айтқандай, рухани мәселелер бәрінен ең бірінші орында тұруы тиіс. Халықтың рухының бүтіндігі, халықтың жоғын тауып беру – мәңгілік мәселе. Міне, осы мә­селелерге Елбасы нақты тоқ­талып, өз мақаласында негізгі проблемаларды айтып, соларды қалай өзгерту керектігін көрсетіп берді, – деді бұдан әрі белгілі қаламгер.

Бұдан кейін Қ.Жұбанов атын­дағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің про­ректоры, тарих ғылым­да­ры­ның докторы, профессор Рахым Бекназаров Елбасы ма­қа­ласында айтылған білім беру, тарих, өлкетану салаларына қатысты өзінің пікірін білдіріп, бүгінгі күні университетте жа­салып жатқан жұмыстарға тоқ­талып өтті. Ол өз ой-пікірін бы­лайша түйіндеді:

– Орта ғасырда өмір сүр­ген Жүсіп Баласағұн 1069 жы­лы былай деп жазып кеткен: «Өнер-білім – қос қанаты адам­ның, осыменен білерсің тілін ға­ламның» – деп. Міне, бұл – аксиома. Қазақ дәстүрінде ба­ла­­ға әр кезеңде сапалы білім бе­руге тырысқан. Еліміздің 25 жылында бұл салада бұған дей­ін қазақ тарихында мүлдем бол­маған күрделі өзгерістер ен­гізілді. Мемлекеттік білім ме­ке­мелерімен қатар, елімізде же­ке­меншік, шет мемлекеттермен бірлескен оқу орындары ашылды, академиялық-ұтқырлық бағ­дарламасын жүзеге асыру нә­тижесінде алдыңғы қатарлы шет мем­лекеттердің оқу орындарын­да оқуына студенттерге мүм­кіндік берілді. «Топ-500»-ге кіретін университеттердің атақты профессорлары дәріс оқып жатыр. «Болашақ» бағ­дар­ламасы арқылы бүгінде біз­дің университеттің өзінде 15 оқытушы магистратура мен докторантурада білімін же­­­тілдіріп келді. Ең бастысы, Ел­басы өз мақаласында бү­гін­гі күні күрделі жүріп жат­қан адамзат эволюциясына дер кезінде бейімделе білуіміз ке­ректігін жеткізді. Яғни бізд­ің бү­гінгі міндет – жаңа ма­ман­дық­тарға жас ұрпақты дайын­дау. Бір мамандықты оқып алып, жайбарақат отыру заманы бітті, замандастар! Қазіргі талап – өмір бойы білім алу, жа­ңаша өмір сүруге бейімделу, – деп түйіндеді ол өз ойын.

Басқосуда философия­ ғы­лым­дарының докторы, профессор Амангелді Ай­­­талы, Ақтөбе кө­лік жә­не жаңа технология­лар кол­леджінің директоры Же­ңіс­­гүл Мұхамбетпайызова, М.О­с­панов атындағы Батыс Қа­зақ­стан мемлекеттік меди­ци­на университетінің кафед­ра же­текшісі, профессор Алтай Тай­жанов сөз сөйлеп, жи­нал­­ғандарға еліміздің рухани тұрғыдан қайта түлеуіне ба­­ғытталған Елбасының құнды ұсы­­нысында айтылған бас­та­ма­ларға үн қосуға шақырды.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»,

Данагүл ҚАЗИХАН,

журналист

Ақтөбе облысы