Аймақтар • 17 Сәуір, 2017

​Өскеменде виртуалды медиация кабинеті ашылды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуді тапсырғаны белгілі. Президент жүктеген маңызды міндетті жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында бүгін Өскемендегі Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен виртуалды медиация кабинеті салтанатты түрде ашылды.

​Өскеменде виртуалды медиация кабинеті ашылды

 «Бұл - виртуалды кабинет Қазақстан бойынша теңдесі жоқ алғашқы жоба. Оның артықшылығы, даулы мәселелерге тап болған адам өзіне ыңғайлы жерде компьютер немесе қалта телефондары арқылы кәсіби медиаторлармен байланысқа шыға алады», - дейді Өскемендегі Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубеков. 

Виртуалды кабинет Өскемендегі Достық үйінің сайтында орналасқан. Келеңсіз жағдайларға кездескен өңір тұрғындары сотқа жүгірмей-ақ, үйде отырып-ақ аталған сайтқа кіріп, тіркеліп, медиаторларға жазбаша хат жолдауға мүмкіндігі бар. Жоба авторлары виртуалды кабинет 20 сәуірден өз қызметін бастайтынын айтады.

Азамат ҚАСЫМ, 

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген – Мәнап МҰРЗАТАЕВ 

ӨСКЕМЕН 

Соңғы жаңалықтар