27 Сәуір, 2011

Астана төріндегі алқалы жиын

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
27-28 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы және Түрк ПА-ның ІІ жалпы отырысы өтеді. Бұл шараға Түрк ПА құрамына енетін елдер парламенттерінің төрағалары қатысады. Айта кету керек, 2006 жылы 17 қарашада Анталья қаласында Түркі тілдес мемлекеттер басшы­ларының 8-ші саммиті өтті, оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан президенттері қатысты. Осы саммитте Парламенттік Ассамблея құру идеясын Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет ұсынған болатын. «Егемен-ақпарат».