29 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №139

349 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2011 жылғы 14 наурыз, Астана қаласы Аэроклубтың қызметтер көрсетуіне арналған үлгі шартты бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Респуб­ликасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 62-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Аэроклубтың қызметтер көрсетуіне арналған үлгі шарт бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө.Әдимолда) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр   Ә.ҚҰСАЙЫНОВ. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген Нысан Аэроклуб қызметтерін көрсетуге арналған Үлгі шарты ________ қ.             20___ жылғы «____» ____________ Бұдан әрі Аэроклуб деп аталатын, ______________________________________, заңды тұлғаның - аэроклубтың толық атауы __________________ негізінде әрекет ететін, ________________ тұлғасында (Жарғы, Ереже және т.с.) (лауазымы, Т.А.Ә.) бір тараптан және ____________________________________________________, Заңды және жеке тұлғаның толық атауы одан әрі Иегер (Пайдаланушы) аталып, __________________ негізінде әрекет (Жарғы, Ереже және т.с.) ететін ____________________ тұлғасында екінші тараптан, Аэроклуб (лауазымы, Т.А.Ә.) қызметтерін көрсетуге арналған мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты: 1. Шарттың мәні 1.1. Аэроклуб қызметтерді «Қазақстан Республи­касының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабы 2-тармағына сәйкес ұсынады. 1.2. Иегер (Пайдаланушы) қызметтерді осы Шартпен белгіленген тәртіпте және мерзімде төлейді. 2. Иегердің (Пайдаланушының) әуе кемесі 2.1. _____________________________ тұлғасындағы әуе кемесінің Иегері (меншік иесі, иелік етудің өзге құқығы) (Пайдаланушысы). 2.2. Әуе кемесі Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуі қажет. 3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері Аэроклуб құқылы: 3.1. Иесіне (пайдаланушыға) ұсынылатын қызметтер үшін уақтылы төлем алуға. Аэроклуб міндетті: 3.2. Иегердің (Пайдаланушының) әуе кемелерімен және экипажымен байланысты ұшудағы ерекше жағдай туындаған кезде және қажетті көмек көрсетуде тиісті қызметтерге авариялық хабарлауды қамтамасыз етуге. 3.3 Ұшуды орындауда Иегердің (Пайдаланушының) тікелей қатысы бар хабарламаларды авиациялық телеграф байланысының арналары арқылы хабарлау. 3.4. Иегерді (Пайдаланушыны) жедел, аэронавига­циялық ақпаратпен және әуе қозғалысын басқару арна­лары бойынша түсетін ақпаратпен қамтамасыз етуге. 3.5 Азаматтық авиация қызметтерін және әуе кеңіс­тігін пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауға. Иегер (Пайдаланушы) құқылы: 3.6. Аэроклуб ұсынған сапалы қызметті алу. 3.7. Кез келген уақытта Аэроклубтың қызметтер көрсету бойынша жұмыстарының орындалу сапасы мен барысын тексеруге. Иегер (Пайдаланушы) міндетті: 3.8. Аэроклубқа Әуе кеңістігін және азаматтық авиация қызметін пайдалану туралы саласындағы Қазақстан Республикасының Заңнама талаптарына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты қажетті ақпаратты беруге. 3.9. Осы Шарттың барлық талаптарын сақтауға міндетті. 4. Төлеу тәртібі мен шарттары 4.1. Қызметтерді төлеу осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Ұсынылатын қызметтер тізбесінде көрсетілген тарифтерге сәйкес жүргізіледі. 4.2. Аэроклуб қызметтерді ұсынуы Иегердің (Пайдала­нушының) көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) ай­лық жоспарланған көлемі сомасының 10 (%) мөлше­ріндегі соманы алдын ала төлеу шарттарымен жүзеге асырылады. 4.3. Төлеу нысаны: есептік шотқа аудару немесе қолма қол төлеммен. 4.4. Ұсынылған шоттармен келіспеген жағдайда, Аэроклуб және Иегер (Пайдаланушы) есептерді салысты­руды және нақты көрсетілген қызметтерді (жұмыстарды) салыстыруды жүргізеді. Шоттарды және көрсетілген қызметтер (жұмыстар) актісін қарау және нақтылау мерзімі бір айдан аспауы тиіс. Шоттар және көрсетілген қызметтер (жұмыстар) актілері бойынша нақтылау осы шоттар бойынша төлеу мерзімін тоқтата тұрмайды. 4.5. Осы Шартта көзделген ұсынылатын қызметтер үшін төлем мерзімі өтіп кеткен жағдайда, Иегер (Пай­даланушы) Аэроклубқа осы сомаларды төлеу күні қолда­нылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерінде (еселі ставка) тұрақсыздық айыбын төлейді. 4.6. Тұрақсыздық айыбын төлеу тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды. 4.7. Аэроклубқа шоттарды төлеу бойынша ақша қара­жатын аударумен байланысты шығыстарды Иегер (Пайда­ланушы) өтейді. 5. Тараптардың жауапкершілігі 5.1. Осы Шартта көзделген міндеттер орындалмаған және тиісінше орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақ­стан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады. 6. Форс – мажорлық жағдайлар 6.1. Осы Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» бақылауға көнбейтін, қателікке немесе немқұрайлыққа байланысты емес күтпеген сипатқа ие оқиғаны білдіреді және еңсерілмейтін күш (дүлей зілзалалар немесе болжау немесе алдын алу мүмкін емес өзге де жағдайлар) салдары, сондай-ақ Шарт талаптарын орындамауға немесе тиісінше орындауға әкелетін әскери іс-қимылдар, көтерілістер және басқа да жағдайлар болып табылады. 6.2. Еңсерілмейтін күш жағдайларына сілтеме жасай­тын тарап екінші тарапты олар басталған сәттен күнтізбелік он күннен кешіктірмей осындай жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. 6.3. Егер тараптардың бірі еңсерілмейтін күш жағдайы басталған сәттен бастап 30 күн ішінде Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындайтын жағдай болмаса, екінші тарап Шартты бұзуға құқылы. 7. Өзге да шарттар және дауларды шешу 7.1. Шарт талаптарын бұзу және өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республика­сының заңнамасында көзделген тәртіппен Шарт талап­тарын орындаудан бір жақты бас тартылған жағдайда тарап ол туралы екінші тарапты күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ескертуі тиіс. 7.2. Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен, кері жағдайда Қазақстан Республи­касының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі. 7.3. Осы Шартқа келісім түріндегі барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде орындалады және екі тарап қол қояды. Келісімді осылайша рәсімдеу осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. 7.4. Тараптар жазбаша түрде бір бірін пошталық және заңды мекенжайларының, банктік, әуе кемелері паркі деректемелерінің өзгергені туралы, жаңа басшының тағайын­далғаны туралы хабарлауға міндетті. 8. Шарт қолданысының мерзімі 8.1. Осы Шарт оған қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және _______ жылғы «____»________ дейін қолданыста болады. 8.2. Егер Тараптардың бірде 30 күнтізбелік күн ішінде екінші тарапқа өзінің шартты бұзу ниеті туралы жазбаша хабарламаса, онда оның қолданысы әрбір кейінгі күнтізбелік жылға автоматты түрде ұзартылады. 8.3. Осы Шарт мемлекеттік/орыс тілдерінде, бірдей заң күші бар екі данада жасалады. 9. Тараптардың заңды мекенжайы мен банктік деректемелері Аэроклуб                          Иегер (пайдаланушы) _____________________           _____________________ (толық атауы)                                 (толық атауы) _____________________           _____________________ _____________________           _____________________ (мекенжайы)    (Мекенжайы) _____________________           _____________________ (телефон, факс)               (телефон, факс) _____________________        _____________________ (Т.А.Ә.)          (Т.А.Ә.) _____________________       _____________________ (қолы)                               (қолы) ____ж. «___»_________        ____ж. «___»_________ М.О.                               М.О. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 29 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6852 болып енгізілді.