Қазақстан • 19 Сәуір, 2017

ШҚО ​Бесқарағай ауылында төтенше жағдай жарияланды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Бесқарағай ауылында (Бесқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

ШҚО ​Бесқарағай ауылында төтенше жағдай жарияланды

Жерасты суының деңгейі бұрынғы қалыпта, сондықтан да жергілікті атқарушы орган адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдаған.


«14 сәуірде ауылдың шетінде, төменгі жерде 9 үй және 10 ауланы су басқан болатын. Су басу орнынан 22 адам көшірілді. 4 күнде жағдай өзгеріссіз. Аумаққа 1500 тонна инертті материал жеткізілді. Топырақты төгіп бекіту жұмыстары жүргізілді. Жергілікті тұрғындар арасында нұсқаулықтар жүргізіліп, жадынамалар таратылды», - деді ТЖД өкілдері.


Әкімдікте жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Оған балық ТЖ және АҚ қызметтері кіреді. Жағдайды аудан әкімінің міндетін атқарушы Раметуллин бақылап жатыр. Облыс өзендері мен әлсіз учаскелерде бақылау жалғасып, ШҚО ТЖД жедел штабы тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.



Соңғы жаңалықтар

Әскери дрон – қуатты қару

Айбын • Бүгін, 08:40

Аманатқа адалдық

Қоғам • Бүгін, 08:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Рубиндегі ертоқым

Жәдігер • Бүгін, 08:25

«Париждегі екі әйел»

Өнер • Бүгін, 08:20

Күн қайда асығады?

Қоғам • Бүгін, 08:15

Саяси жүйені нығайту қадамы

Саясат • Бүгін, 08:00