Ұлттық спорт • 19 Сәуір, 2017

Жамбыл облысында ат спортынан ҚР ХІІІ чемпионаты өтті

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтардың бірі – көкпар тарту. Ежелден «Ер қанаты – ат» деп білген бабаларымыз ат үстінде жүріп, ұлттық құндылықтардың дамуына үлес қосты. Бүгінгі таңда да ұрпақтар сабақтастығы үзілмей, жалғасын тауып келеді.

Жамбыл облысында ат спортынан ҚР ХІІІ чемпионаты өтті

Әулиеатаның Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында орналасқан «Атшабар» кешенінде 1996-1999 жылы туған жастар арасында Ұлттық ат спортынан Қазақстан Республикасының ХІІІ чемпионаты өтті. Алты күнге созылған чемпионатқа Алматы, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан және Алматы қаласынан 12 команда қатысты. 

Жарыс бойынша 240 спортшы көкпар тарту, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ сынды ойын түрлерінен өнер көрсетті. Нәтижесінде, бірінші орынды Жамбыл облысы жеңіп алды. Екінші орынды Маңғыстау, ал үшінші орынды Алматы облыстары иеленді.

Хамит Есаман,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы