Қазақстан • 19 Сәуір, 2017

​Өзбекстанның тоғыз азаматы Ресейге жасырын өтпек болды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұзынкөл аудандық сотының қаулысымен Қазақстан шекарасынан Ресейге жасырын өткісі келген Өзбекстанның 9 азаматын елден шығарып жіберді. Олардың барлығы да 22-35 жас аралығындағы азаматтар, арасында бір әйел бар.

​Өзбекстанның тоғыз азаматы Ресейге жасырын өтпек болды

«Обаған» көлік өткізу шекаралық бекетінде сағат 05.00 шамасында жүк көліктері тексерілгенде жүктің арасынан 9 адам шыққан. Олардың барлығы да шекарадан өту үшін машинаға артқан металл үйінділерінің арасына тығылыпты. Жастардың барлығы да сотта Ресейге өту үшін осындай қадамға барғанын мойындады. 

Сот мигранттарды әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп тауып, әкімшілік жаза ретінде оларды республиканың сыртына шығарып жіберді.

Нәзира Жәрімбетова

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ