Бокс • 19 Сәуір, 2017

Азия чемпионатына қатысатын Ұлттық құрама боксшыларының тізімі жарияланды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өтетін Азия біріншілігінде бақтарын сынайтын боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Азия чемпионатына қатысатын Ұлттық құрама боксшыларының тізімі жарияланды

Азия біріншілігіне қатысатын боксшылардың тізімі: 

49 келі - Ержан Жомарт;

52 келі - Азамат Исақұлов;

56 келі - Қайрат Ералиев;

60 келі - Әділет Құрметов;

64 келі - Бекдәулет Ибрагимов;

69 келі - Абылайхан Жүсіпов;

75 келі - Әбілхан Аманқұл;

81 келі - Ерік Әлжанов;

91 келі - Василий Левит;

91 келіден жоғары - Қамшыбек Қоңкабаев.

Еске салайық, Азия біріншілігі 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында өтеді. "Сары құрлықтың" басты бәсекесінде Германияда өтетін әлем чемпионатына жолдама сарапқа салынады.