Рүстем Қанатұлы есімді тұрғынның қыс бойы далада тебіндеп шыққан биесі үйге бірінен бірі аумайтын екі құлын ертіп келген.
Қазіргі уақытта мал иесі дал болып отыр. Біріншіден, биесінің егіз туғанына нанар-нанбасын білмейді. Екіншіден, көрші үйірлердің бірінде екі-үш құлын үшті-күйлі жоғалып кеткен екен. Мал иесінің солардың бірі емес пе деген күдігі де бар.
Бір қызығы, бие екі құлынды да өз төліндей көріп, тел емізеді.
Қ. Абдолла