Медицина • 20 Сәуір, 2017

Бағытымызды айқындайтын бастама

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына байланысты ұжымның  және БАҚ өкілдерінің қатысуымен  талқылау жиын өтті.

Бағытымызды айқындайтын бастама

Жиын барысында театр басшысы Ерлан Біләл ел игілігі үшін жасалып отырған жобаның халыққа ұсынылуымен жиналған қауымды құттықтады.  

– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев­тың «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаң­ғы­ру»  атты мазмұны терең мақаласында ай­тыл­ған рухани жаңғыру мен  заманауи ілгерілеудің  жүгенін тартып ұстап, жү­гін қатар көтерісетін азамат тәрбиелей алу мен білімді, жан-жақты ұрпағы бар елдердің  көшбасшысы  болу  қай-қайсымыздың да көкейімізге қонары хақ. Елбасының «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз  ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс», «Жаңғыру елдің ұлттық –  рухани тамырынан нәр алуы керек» деген  сөздерінің астарында   ел мүддесін басты құндылық деп бағалау жатыр. Ендеше, бұл сүбелі ойды барлығымыз да қолдауға тиіспіз, – деді Ерлан Біләл.

Театрдың белді әртісі Жасұлан Бай­салбеков мақалада айтылған маңыз­ды мәселелерге тоқтала келіп: «Тәуелсіз Қазақстанның  күн сайын қарыштап дамуы жолындағы басты қағидаларының  беріктігі  негізінде Отанымыз түбегейлі жаңғыру мен  жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға қабілетті болып отыр. Бар­ша қазақ­стандық жастар Нұрсұлтан Әбішұлының құндылығы зор мақа­ла­сынан  үлкен жігер, болашаққа деген сенім алды. Елбасы «Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс», деп жастарды заман талабына сай жан-жақты болуға үндеді. Біз артылған үміт пен сенімді ақтауға аянбай еңбек етуге дайынбыз», деді.

– Заманға сай болу, әлемдік сана қағи­даларын қалыптастыру, дамыған ел­дер­мен Отанымыздың терезесі тең тұру­ды басты мақсат еткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты қазақ­стандықтардың мүддесіне бағыт­тал­ған, ұлттық тарих, бүгініміз бен бола­шағы­мыз арасындағы дәнекерлеуші көпір іспетті. Білім саласы, тәрбие, отбасы, әр адамның тұлғалық қалыптасуы, ұлтқа деген шексіз махаббат қашанда жүрегімізде сақталуы керек екені мақала мазмұнынан тыс қалмаған. Атамекен ауылымыздың қадір-қасиетін де ұмытпауға шақырған бастамада ұлттық болмысымызды сақтау мәселесі жан-жақты қамтылуы бәрімізді қуантады, – деді театрдың жас әртістері атынан сөз алған Салтанат Бақаева.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ


Соңғы жаңалықтар