Қазақстан • 22 Сәуір, 2017

​ОҚО-да бір аптада 140 мыңнан астам адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тіркелді

123 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысында «Емханаға тіркел де МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» акциясы аясында бір аптаның ішінде 140 мыңнан астам азамат тіркелген.

​ОҚО-да бір аптада 140 мыңнан астам адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тіркелді

Емханаға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жаппай тіркелу денсаулық сақтау қызметкерлері тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізіліп отыр. Сала мамандары осы соңғы екі аптада аула аулаларды аралап 500 мыңнан астам тұрғынды қамтыған кездесулер өткізіп, әрбір тұрғынға өзі таңдаған және тұрғылықты мекеніне мүмкіндігінше жақын орналасқан емханаға барып тіркелуі керектігін айтып жеткізді. 

Түсіндіру жұмыстары бұдан әрі де жалғасын таппақ. Өйткені, осы жылдың 1 шілдесінен әрбір азамат сақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті. Егер жарна төленбеген жағдайда мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді түріне ғана кепілдік береді. Бүгін осы акция барысында облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов Шымкент қалалық №3 емханаға барып тіркеліп, мәртебесін анықтады. Сонымен қатар, ол емхананың тыныс-тіршілігімен танысып, оңтүстік қазақстандықтарды 31 маусымға дейін емханаларына барып тіркеліп, мәртебелерін анықтауға шақырды.

«Бұған дейін мен Алматы қаласында тұрғанмын. Қазір қызмет барысымен Шымкентке қоныс аударуыма байланысты осы емханаға тіркелдім. Еш қиындығы жоқ, өздеріңіз көргендей барлық жағдай жасалған. Елімізде келер жылдан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң күшіне ене бастайды. Соған байланысты әрбір қазақстандықтың мәртебесін анықтау маңызды. Сол мақсатта елімізде 5 сәуірден бастап, «Емханаға тіркел де МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» акциясы жүріп жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, оңтүстік қазақстандықтарды өзі таңдаған емханаға тіркелуге шақырамын», – деді Б.Жамалов.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024