Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Белгілі болғандай, белгісіз тұлғалар deepfake технологиясын пайдаланып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20%-ға қысқартылады деген мазмұндағы жалған бейнероликтер таратқан. Мамандар мұндай әрекеттер азаматтарды әдейі адастыруға бағытталғанын атап өтеді.
Еске салайық, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап керісінше базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері 10%-ға ұлғайтылды. Бұл өсім Ұлттық банк белгілеген инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес жүргізілген.
Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бері 5 жыл ішінде кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшерін 120%-ына дейін арттыру қарастырылған.
Осы өзгерістер нәтижесінде, биылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ал ең жоғары мөлшері 60 005 теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін ұлғайтылды.
Асхат Аймағамбетов зейнетақы қаражатын басқаруға қатысты түзетулерді түсіндірді
Құзырлы органдар азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Сондай-ақ қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.