Қазақстан • 22 Сәуір, 2017

Елордада орташа өмір сүру ұзақтығы – 75,4 жас

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​2016 жылдың қорытындысы бойынша Астанада өмір сүру ұзақтығы 75,4 жылды құрады, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 3,5 жылға көп, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Елордада орташа өмір сүру ұзақтығы – 75,4 жас

Өткен жылы қалада 27 244 сәби дүниеге келді, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 8%-ға көп. Ана өлімі - 5%ға, сәбилердің шетінеуі - 13%-ға, туберкулезден болатын өлім-жітім 2 есеге төмендеді. 

Биыл денсаулық сақтау бойынша кешенді жоспар іске асырыла бастады, емдеуден басқа, алдын алу шаралары жүргізілмек. Бұл бұқаралық спорттық-сауықтыру шараларын кеңейту, спорт нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық жағдайды жақсарту. 

Өткен жылы Қалалық жедел жәрдем стансасы мен 500 орындық Туберкулезге қарсы диспансердің жаңа ғимараттары пайдалануға берілді. 

МЖӘ шеңберінде емханалардың 20 минуттық, отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың 10 минуттық қолжетімділігі жобасы іске асырылуда. Бұл үшін 9 жаңа амбулаториялық-емханалық мекеменің құрылысы жоспарланған. Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында «Үй дәрігері» 7 отбасылық денсаулық орталығы  ашылады.


Соңғы жаңалықтар