Аймақтар • 24 Сәуір, 2017

Телефон террорисі ұсталды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 сәуір күні 23 сағат 10 минутта облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Аты­рау қаласы Құнанбаев көшесі, 28 үйде орналасқан супермаркетке жарылғыш зат қойылғаны туралы телефон қоңырауы келіп түскен.

Телефон террорисі ұсталды

Көрсетілген ме­­­кен­жайға арнайы қызмет өкіл­дері жедел жетіп, супермар­кет қызметкерлері мен үй тұр­ғындарын қауіпсіз жерге шы­ғарды. Алайда, тексеру кезін­де ешқандай жарылғыш зат табылмады. Хабарламаның жал­ған екені анықталды.

– Жедел іздестіру шара­ларының нәтижесінде күдікті азамат ұсталды. Аталған үйдің ауласында ішімдік ішкен ол мас күйінде құқық қорғау қыз­меткерлерінің назарына іліккен. 1989 жылы туған аза­­мат бұрын ұрлық жасап, сотталған. Кінәсін мойындап, түсі­ніктеме берді. Қазір ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сот­қа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – дейді облыстық ішкі істер департаменті баспа­сөз қыз­метінің жетекшісі Гүл­нәзира Мұхтарова.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар