Аймақтар • 24 Сәуір, 2017

Биыл 31 мыңнан астам ақтөбелік жұмыспен қамтылады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 31 мыңнан астам ақтөбелік жұмыспен қамтылатын болады, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биыл 31 мыңнан астам ақтөбелік жұмыспен қамтылады

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысында 4,8 млрд-тан аса теңге бөлінді.

Соның аясында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіпкерліктің негіздеріне оқытатын азаматтарды жаппай оқыту ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды қайта даярлау шаралары қабылдануда.

Айта кетейік, жұмыспен қамту орталықтары неғұрлым сұранысқа ие 36 мамандықтың тізімін жасады. Мобильді оқу орталықтарын ашу шалғай аудандардағы тұрғындардың кәсіби білім алуларына мүмкіндік берді. Оқуды аяқтағандардың жұмысқа орналасуларына көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жұмыстары, инфрақұрылымды дамыту мен ТКШ есебінен жұмысқа орналастыру бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізілуде, қала мен ауылда шағын несие беруді кеңейту қарастырылған.

Биыл нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен 5 мың адам қамтылатын болады деп жоспарлануда, алайда қатысушылар санының өсу мүмкіндігіне шек қойылмаған.

Жұмыспен қамту мәселесін тиімді шешу үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге барлық 148 ауылдық округтер мен аудандың маңызы бар қалаларда «Е-Халық» ақпараттық жүйесі енгізілуде. 20 сәуірдегі мәлімет бойынша, ақпараттық жүйеге 478 мың адам, яғни халықтың жалпы санының 57 % -ы туралы мәлімет енгізілді.

Соңғы жаңалықтар