Аймақтар • 24 Сәуір, 2017

ОҚО оқушылары білім олимпиадаларында 81 жүлделі орын алды

421 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

​Оңтүстік Қазақстан облысының оқушылары 2016-2017 оқу жылында түрлі облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысып, өңір намысын қорғап келеді. Жыл басынан бері ұйымдастырылған түрлі сайыстарда шәкірттеріміздің 8-і І орын, 39-ы ІІ орын, 34-і ІІІ орынға ие болып, жалпы саны 81 жүлделі орынды қанжығасына байлады.

ОҚО оқушылары білім олимпиадаларында 81 жүлделі орын алды

Мәселен, таяуда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық IХ Президенттік олимпиадасы өткені белгілі. Онда үш оқушымыз - Хайруллаева Нафиса (Кентау қаласындағы «Мамандандырылған  «Дарын»  мектеп-интернаты») ІІ орын алса, Ералхан Ержан мен Тастан Нұрбектер («Ж.Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған мектеп-интернаты») ІІІ орынға ие болды.

Мұнан бөлек, биылғы оқу жылында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Ақтау қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадалары мен халықаралық ғылыми зерттеу сайыстарын ұйымдастырды. Республиканың барлық облыстарынан және республикалық білім ұйымдарынан 586 оқушы қатысқан сайыста Оңтүстік өңірінен 35 шәкірт бақ сынады. Нәтижесінде, үміткерлеріміздің 4-уі жүлделі ІІ орынды алса, 6-уы ІІІ орынға ие болды. Атап айтқанда, облыстағы №3 Кентау қазақ-түрік ер балалар лицейі, М.Қашғари атындағы мектеп, М.Горький ат. жалпы орта мектеп, №2 қазақ- түрік қыз балалар лицейі және М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 гимназия, Қазақстанның зияткерлік «Бәйтерек» мектебі, сонымен бірге, "Мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернатының" мерейі үстем болды.

Осы жылы Павлодар облысында өткен республикалық олимпиадада да күнгейлік шәкірттердің бағы мен бабы қатар озды. 700 оқушының ішінде білімін сынға салған 40 оңтүстікқазақстандық үміткердің ішінен №1 қазақ-түрік ер балалар лицейінің шәкірті Тойбазар Даулет биология пәні бойынша І орын алып, жүлделілер көшті бастап берсе, информатика, математика, физика, география пәндері бойынша 7 оқушы ІІ орынға ие болды. Ал ІІІ орынға 8 оқушы лайықты деп танылды. 

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024