Үкімет • 24 Сәуір, 2017

Сағынтаев халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну үдерістерін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну үдерістерін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Сағынтаев халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну үдерістерін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді

Кеңес барысында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістеріне жаңа технологиялар енгізу мәселелері талқыланды.   

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістері барынша оңтайландырылуы тиіс екенін атап өтті. Мерзімдерді және құжаттар тізімін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жойып, міндетті жеке қатысуынсыз электронды форматқа көшіру қажет. Осындай бағыттардың бірі қызмет алушының қатысуынсыз проактивті қызмет көрсетулерге көшу болуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар