Кездесу барысында Қазақстандағы инвестиция және салық ахуалын жақсарту, сонымен қатар аграрлық азық-түлік индустриясын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.
Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы (ҚЕБҚ) – еуропалық компаниялар және Еуропалық одақ делегациясының бастамасымен 1999 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым. ҚЕБҚ өз құрамына 150-ден астам компанияны біріктірді, олардың ішінде: әлемге әйгілі халықаралық, еуропалық және қазақстандық компаниялар, Еуропадағы және әлемнің басқа елдеріндегі дипломатиялық миссиялар бар.