Қазақстан • 25 Сәуір, 2017

Президенттің 2017 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары, гранттары және Алғысы туралы хабарлама

118 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 2017 жылғы БАҚ саласындағы сый­лықтары мен гранттарын, сон­дай-ақ, Алғысын алуға үміт­кер­лерден ұсынымдар қабы­лдау басталғанын хабарлайды.

Президенттің 2017 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары, гранттары және Алғысы туралы хабарлама

Сыйлықтар мен гранттар алуға үміткерлерді бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестік­тер, мемлекеттік органдар ұсына алады.

Алғыс жариялауға шығар­ма­шылық ұжымдарды шығар­машылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады.

Әрбір бұқаралық ақпарат құралы, шығармашылық одақ, қоғамдық бірлестік, мемлекеттік орган сыйлықтар мен гранттар алуға екі үміткер ғана ұсынуға құқылы. Гранттар жасы отыз бестен аспаған жас журналис­терге беріледі.

Сыйлықтар, гранттар алуға үміткерлердің және Алғыс жа­рия­лауға шығармашылық ұжым­дардың өзін өзі ұсынуына жол берілмейді.

Сыйлықтар немесе гранттар алуға бұқаралық ақпарат құралының, шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлес­тік­тің, мемлекеттік орган­ның ресми бланкісіне жазылған, бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған (А4 форматтағы көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным жолданады. Оған мынадай құжаттар қоса ұсынылады:

- сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің аты, әкесінің аты, тегі және шығар­машылық бүркеншік есімі (егер болса), сондай-ақ атқаратын лауа­­зымы көрсетілген негізгі жұ­мыс орнынан анықтама;

- сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі;

- сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасы;

- жарияланымдар мәтіндері немесе аудио және (немесе) бейнематериалдар;


- негізгі жарияланымдарының тізімі және (немесе) олардың көшірмелері.

Алғыс жариялауға шығар­машылық одақтың, қоғам­дық бірлестіктің, мемлекеттік органның ресми бланкісіне жазылған бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған бұқаралық ақпарат құралының қызметі туралы (А4 форматтағы көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным ұсынылады;

Конкурсқа мән-маңызы жо­ғары негізгі жарияланымдар немесе аудио және (немесе) бейнематериалдар ұсынылады.

Қарауға 2016 жылғы 1 мау­сым мен 2017 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған және (немесе) эфирге шыққан материал­дар қабылданады.

Сыйлықтар, гранттар алуға және Алғыс жариялауға ұсыныл­ған материалдар мен құжаттар қайтарылмайды.

Кітаптар БАҚ саласын­да­ғы наградалар алуға ұсы­ныл­­ған ма­те­риал ретінде қа­рас­тырылмайды. Мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар топтамасын ұсынуға болады.

Мемлекет басшысының сый­лықтарын, гранттарын алуға және Алғысын жариялауға ұсы­ным­­дарды Қоғамдық комиссия­ның төрайымы – Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мемле­кеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың атына 2017 жылғы 1 маусымға дейін мына мекенжай бойынша: 010000, Астана, Сол жаға­лау, «Ақорда» резиденциясы­на және/немесе A.Zatova@akorda.kz электрондық адресіне жолдау қажет.

Мемлекеттік органдардың ұсынымдары электронды құжат айналымының бірыңғай жү­йе­сі арқылы тек электронды форматта ғана қабылданады, бұл қосым­шалары электронды тасымал­дағыш (диск) арқы­лы жолданатын ұсынымдарға қатысты емес.

Байланыс нөмірлері: +7 (7172) 74-41-15, 74-42-65, 74-41-57.

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі





Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024