30 Сәуір, 2011

Тұрмыста серік, істе көмекші

373 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Бүгінде айшылық жерлерге қолма-қол дауыс жалғастырған телефон байланысы қыз­метінің қай түрі болсын ешкімге таңсық емес. Ұшы-қиырсыз өлкеміздің қиян түкпіріндегі ауыл тұрғындары әп-сәтте қалаған мекендердегі туған-туысқан­дары­мен, тамыр-таныстары­мен тілдесіп жатады. Мұны былай қойғанда бұл байланыстың жылдан-жылға жетілдіріліп, жақсара түсуі сандық та, сапалық жағынан да танығысыз өзгерістерге өркен жайды­рып келе жатқандығы және мәлім.Соның жарқын айғағы Қарағанды аймағынан айқын аңғарылып келеді. Жақында облыстық телекоммуникация ди­рек­циясы таныстыруынан білгеніміздей, өз буын­дарында атқарылып отырған істер ауыз тол­тырып айтарлықтай екен. Осы орайда Ақтоғай, Шет ау­дан­дарындағы ауылдық елді мекен­дерде радио­қол­жеткізу технологиясы бо­йынша теле­фон­дан­дыру­дың 3 кезеңді жоба­сын іске асыру­дың шыға­рылған қорытындысы біраз жайды алға тартады. Алдымен  Ақтоғай өңірінде барлық 36 ша­ғын елді мекен толық телефонд­андырыл­ғаны­на тоқталып өтуге болады.Аудан аумағында 15 автоматты телефон стансасы орнатылған, оның 6-уы сандық және 9-ы аналогтық саналады. Аудан орталығында биылғы жыл басында  660 нөмірлік WLL CDMA бір базалық станса  жұ­­мыс істеуге кірісті.  1 сәуірден бастап оған 475 абонент қосылды. Ал онымен көршілес Шет ауданындағы 61 елді мекеннің бәрі телефон байланысы қыз­метімен қамтамасыз етілген. Аталған аймақ­тағы 19 автоматты телефон стансасының 13-і сандық, 6-уы аналогтық  болып табылады. Жақында Ақсу-Аюлы кентінде 660 нөмірге есептелген  WLL CDMA базалық станса орна­тылып, оған 592 абонент жалғастырылды. Жалпы  алғанда  «2008 жылдан WLL CDMA – 450 технологиясын қолдану арқылы телеком­му­никацияның ауылдық байланысы жүйесін дамыту және модернизациялау»  серпінді жоба­сын іске асыру  аясында осы уақытқа шейін Қарағанды облысында  құ­ра­малы сыйымдылығы 11.163 нөмірлі, соның ішінде  қалалық телекоммуникация жүйесінде 800, селода 10.363 нөмірлі 16 база­лық станса орнатылды. Мұндай істер алдағы уақытта жалғаса береді. Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирек­ция­сының бас директоры  Боранбай Аманов  «Жо­ғарыда  аталған жобаны іске асырудың  биыл 3 ке­зеңдігін орындап шығу жоспарланып отыр. Дирекция жұмысын дамыту бағ­дарламасына сәйкес   сым­сыз радиоқолжеткізу тех­но­логиясын қолдану ар­қылы  ауылдық телефон жүйелерін дамыту мен модернизациялау 2013 жылға дейін жалғас­тырылады. Атап айтқанда, Абай, Ақтоғай, Қар­қаралы, Шет, Жаңаарқа аудандарында сонымен бірге Шахтинск, Саран және Жезқазған қалаларында WLL CDMA 450 12 базалық стансасын орнату  жоспарланған. Ауылдық телекоммуникациялар жүйесі сыйымдылығын 7133 нөмірге ұлғайту көзделуде, – деп ортаға салғандай бұл бағыттағы жұмыс ауқымы кең.Жергілікті  байланысшылардың  тұтынушы­ларға уақыт талап-талғамына сай қызмет көрсету жолында іс-ізденістерді тереңдетіп, алға тартуы әрдайымғы мақсаты. Айта кету керек, CDMA (Code Division Multiple Access) стандартының ерекшелігі сол, сандық болып табылады, 450 МГц диапа­зо­нын­дағы жиілік толқынын қолданады.   CDMA 450  базалық стансаларының  ауылдық жерлердегі көм­керу аймағы 25-35 шақырымды құрай­ды. Жалғыз станса 1000 абонентке қызмет ете алады. Жобаның серпінді сипатты себебі,   WLL CDMA-450 жобасы  шығындық, орындалу , сондай-ақ пайдалану келешегі жағын ескергенде   ауыл үшін  анағұрлым тиімді саналады. Ал еліміз бойынша жобаның іске асырылуы кезінен  бастап 420-дан астам базалық станса ор­на­тылды. Бүгінде CDMA-450 жүйесі  Қаза­қ­станның барлық аумағында орныққан және 4750 ауылдық елді мекенді қамтиды. Телефон байланысы қызметіндегі жаңа үр­діс­тердің ел іші ортасына қандай өзгерістер енгізіп жатуымен Ақтоғай, Шет аудандарындағы алыс   ауылдарда болу арқылы  танысқан бұ­қара­лық ақпарат өкілдері тұрғылықты жұрттан бұл іске деген ризашылық пікірлерді жиі естіді. Солар­дың бірі қырдағы  қыраттар етегіндегі қыстақта тұратын фермер әрі белгілі саятшы Тілеуқабыл Есенбековтің   өзімізді былай қой­ған­­да сырт жерлермен де еркін сөйлесе беруге мүмкіндік кеңдігіне алғысы шексіз. Оның пайдасы әсіресе, іскер адамдарға аса үлкен екенін айтады ол. Қашанда үлгілі істерге бастамашы, өз жұ­мыс саласында тұтынушыларға барша жақсы­лық­ты сыйлауға құштар «Қазақтелекомның» аймақтағы бөлімшесіндегі істердің бұл бір парасы ғана. Ел тарихындағы айтулы мерекеге сүбелі үлес қосуды мұрат еткен қарағандылық байланысшылар Тәуелсіздіктің 20 жылдығына дейін әлі талай жетістіктермен қуанта бермек. Айқын  НЕСІПБАЙ. Қарағанды.