Аймақтар • 25 Сәуір, 2017

Бүгінге дейін Шымкентте 400 мыңға жуық кө­шет отырғызылды

177 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық кәсіподақ ұйымы Шымкент қаласын гүлдендіру жөнінде бастама көтерді. Жалаң айқай салған жоқ, кәсіподақ мүшелері қолдарына күрек алып, ғимарат алдындағы жол жиегін тегістеп, алуан түрлі гүл отырғызған.

Бүгінге дейін Шымкентте 400 мыңға жуық кө­шет отырғызылды

Бұл жайында облыстық кәсіподақ ұйы­мы­ның төрағасы Ғани Қарабеков былай деген:

− Шымкент – атауының өзі айтып тұрғандай жасыл қала. Бірақ, қала орталығындағы парк­тер, скверлердің ішіне құрылыс жүргізіліп, жасыл қала деген мәртебесінен айырылып қала жаздады. Сондықтан, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қала көшелерін абаттандыру мәсе­лесіне айрықша көңіл бөлуде. Саябақтар санын көбейту үшін «Шатқал» бағдарламасын қабылдап, бүгінге дейін 400 мыңға жуық кө­шет отырғызылды.

Осындай игі істен кәсіподақ ұйымы қалай шет қалады. Жол бойында ағаштар өскенімен, жиегіндегі жер төмпешік, ойлы-қырлы болып, жабайы шөп өсіп, қаланың әрін қашыруда. Адамдар «мынаны Үкімет немесе облыс қашан қолға алады?» деп кетпеннің сабынан қарауыл қарамай, өздері іске кірісуі керек. Бір үйлерге барасың, ауласы ботаникалық бақ, сыртқа аттап шықсаң айналасы айтақыр. Бір қалада тұрып жатқан соң сенікі, менікі болмай, тазалығы, әдемілігі үшін патриоттық сезіммен жұмыс жасау керек. Біздің бастамамыздың мақсаты осы. Сол себепті, «Гүлді қала» деген ұранмен гүл отырғызу акциясын бастап кеттік.

Облыстық кәсіподақ ұйымы мен салалық кәсіподақ одақтарының күш салуымен бұл күні Қазыбек би және Желтоқсан, Ә.Жылқышиев көшелерінің қиылысындағы арық атыздар тазаланды, тротуар жиегіндегі жер тегістеліп, гүлдер егілді.

– «Біз осында тұрамыз». Әрбір шымкенттік өз қаласы үшін осындай мақтаныш сезімде болу керек, – дейді кәсіподақ ұйымының төр­ағасы. – Біздің бұл акциямыз бір күндік емес, әр сенбі сайын өзіміздің ауламызға сенбілік жасаймыз. Біз бүгінгі акцияны әрі қарай жалғастыру үшін облыстық Кәсіпкерлер палатасына ұсынамыз. Олар әрі қарай басқа мекемеге табыстайды. Адамдардың бірлесе күш салуынан кейін Шымкент нағыз жасыл қалаға, гүлге оранған әдемі қалаға айналады.

Мұндағы үлкен мақсат – Елбасының Ұлт­тық жаңғыру жөніндегі «Егеменде» жа­рия­ланған мақаласына туған жерін түлеткен аза­маттардың жауабы. Біз әңгімеге тартқан к­ә­сіподақ мүшелері сөзінің түйіні осыған саяды.


Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»


Оңтүстік Қазақстан облысы


Соңғы жаңалықтар