Аймақтар • 25 Сәуір, 2017

Қостанайда халқымыздың мәдениетіне арналған сурет көрмесі ашылды

168 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанайдағы Көркемсурет галереясында дала табиғаты мен халқымыздың мәдениетіне арналған «Табиғат және көшпелілерден жеткен мәдениет» атты сурет көрмесі ашылды. Оған басым көпшілігі жергілікті газет, журналдарда қызмет ететін 14 фототілші қатысты, олар бұл шараны ЭКСПО-2017 көрмесіне арнапты.

Қостанайда халқымыздың мәдениетіне арналған сурет көрмесі ашылды

Фотографтардың объективіне ілінген қас-қағым сәттен тұратын суреттердің барлығы дерлік хал­қымыздың салт-дәстүрін, ұлттық ойындарды, тұрмысын, ұлы даланың әсем табиғатын паш етеді.

− Қазір фотоға түсірумен әуес­тенушілер көп. Алайда, кәнігі фотографтардың қолтаң­басы тіпті өзгеше екені белгілі. Олар су­ретке өзінің жан жылуын сала­ды, сурет кәдімгідей жанды, өмір­­дің өзі секілді әсер береді. Ал мұндай суретті түсіруге бі­­лім мен талант, ерінбейтін еңбек керек, – деді көркемсурет галереясының меңгерушісі Сая Қалиева.

Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлегендер көңіл тол­қыныстарын жасыра алмады.

− Маған үш сурет ерекше әсер қалдырды. Сергей Мироновтың «Қонақжайлылық» және «Ар­ман», Олег Яблочкиннің «Ақшам алдындағы сәйгүліктер» атты суреттері өте сәтті, шынайы шық­­қан. Ауылдағы самаурын қо­­йып жат­қан қазақ әйелдері, жыл­қы сұлулығының табиғат құ­бы­лысымен астасуы, сонымен қа­тар, ауылдағы ескі үй алдында ойыншық машинамен ойнап отырған ұлдың суреті назарыңды еріксіз аударады, – деді белгілі қылқалам шебері Олег Кусков.

Көрмеге барлығы 29 сурет қойылды. Көрерменге көзайым болған сурет авторларының аты-жөнін оқырманға атай өткенді жөн көрдік. Олар да «жегені жан­тақ, арқалағаны алтын» журна­листер қауымынан: Георгий Ша­повалов, Игорь Вальтер, Ер­­мұрат Бекмұхамедов, Олег Яб­лочкин, Сергей Миронов, Вла­димир Моторико, Николай Ку­динов, Айбек Жүзбай, Бағдат Ах­метбеков, Сергей Фельдман, Мұх­тар Сибанбаев, Иван Мар­малиди, Николай Савченко, Николай Соловьев.


Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан»


ҚОСТАНАЙ


Соңғы жаңалықтар