Аймақтар • 25 Сәуір, 2017

Қостанай облысында су тасқыны зардаптарын жою шаралары әлі жүргізілуде

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында қарғын судың қамауында қалған ауылдарда табиғат апатының зардаптарын жою шаралары әлі жүріп жатыр. Көп зардап шеккен Қарасу ауданында қазір 46 адам, 16 техника суда қалған үйлердің аулаларын қарғын судан тазарту жұмыстарын атқаруда.

Қостанай облысында су тасқыны зардаптарын жою шаралары әлі жүргізілуде

Жедел құтқару штабының ақпараты бойынша, Қарасу ауданындағы Жамбыл ауылында 16 үй мен осынша үйдің ауласы суда қалған. Қарғын судың деңгейі төмендеп жатыр. 53 ауыл тұрғыны, оның ішінде 14 бала үйлеріне қайтып оралды. Бірақ әлі де 48 адам, оның ішінде 8 бала туыстарының үйін паналап отыр. 

Құтқарушылар суда қалған үйлердің ауласындағы қарғын суды арнайы техникалармен сорып алып, арықтар арқылы сыртқа төгу жұмыстарын жедел жүргізіп жатыр. Ауылда МТЗ, К-700 тракторлары, тиегіш пен экскаваторлар аулалар мен көшелерді тазарту жұмыстарына жегілген. Өткен бір тәулік ішінде үйлердің аулаларынан 24468 текше метр су сорылып, далаға төгілді. Суы кеткен аулалар кебуге бет алды.

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай облысы 



Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024