Технология • 25 Сәуір, 2017

«Digital Life» жобасына екі жылда 6,2 мың адам қатысқан

209 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Кселл» компаниясы «Digital Life» жобасын іске асырудың екінші жылының қорытындысын жариялады. Екі жыл ішінде оған Қазақстанның 16 қаласынан 6,2 мыңнан астам адам қатысқан. Мобайл медиа, мобайл қауіпсіздік, мобайл білім беру, мобайл мемлекет, мобайл бизнес және басқа да тақырыптар бойынша 230 тегін шеберлік сабақтарын өткізген.

«Digital Life» жобасына екі жылда 6,2 мың адам қатысқан

Бұл жобаның міндеті – халыққа смартфондар мен мобайл қосымшаларының мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы білімін арттыру. Шеберлік сабақтарына мектеп оқушылары мен ата-аналар, студенттер, шағын және орта бизнес өкілдері, журналистер мен блогерлер қатысқан. Сонымен бірге зейнеткерлер үшін «Апашки, аташки и смартфон» атты курс арнайы ұйымдастырылып, оған қатысушылар смартфон қолдануды, мессенджер орнатуды және әлеуметтік желілерде әңгімелесуді үйреніпті. Және зейнеткерлердің смартфонға қызығушылығы жылдан-жылға артып келе жатқанға ұқсайды.бұл қоғамға ілесу, жастардан бөлектеніп қалмаудан туған құбылыс деп есептейді мамандар. 

Зейнеткерлер WhatsApp пен «Шахматы» мобайл қосымшаларын көп қолданады екен. Студенттерді бәрінен бұрын Udemi, Coursera және British Council оқыту бағдарламалары қызықтырса, кәсіпкерлер «Бизнеске арналған әлеуметтік желілер» және «TeamWork жобаларды басқару жүйелері» мобайл қосымшаларын көп қолданатыны байқалған. «Барлық адамға арналған білім» - «Кселл» компаниясының әлеуметтік жобаларды іске асырудағы шешуші ұстанымы. Бұл біздің барлық ниет білдірушіге өзін-өзі дамыту мен білім алуға мүмкіндік беретін құралдар мен мобайл технологияларды таңдайтынымызды білдіреді. Біздің мобайл білім беру жөніндегі курстарымыз бұл мақсатқа толық сай келеді. Оларға кез келген адам қатыса алады, курстар тегін және Қазақстанның барлық ірі қаласында өтеді. Біз қазақстандықтар білім алу, кәсіп жүргізу, денсаулықты нығайту және жай ғана қарым-қатынас жасау үшін өз смартфондарының бар әлеуетін пайдаланса екен дейміз. Біз айтарлықтай шамада мұны іске асыра алдық деп ойлаймын», - деп атап өтті «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің жетекшісі Наталья Еськова.

Жоба авторлары бұл «Digital Life-ті» одан әрі жалғастыратындарын айтты. Өйткені халықтың қызығушылығы бар.

Бағашар Тұрсынбайұлы,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024