Парламент • 25 Сәуір, 2017

Қазақстанда медициналық шығындардың 95 %-ы инфекциялық емес созылмалы ауруларға жұмсалады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасының басым бағыттарының бiрi - қоғамдық денсаулық сақтау қызметiн құру туралы баяндама жасады.

Қазақстанда медициналық шығындардың 95 %-ы инфекциялық емес созылмалы ауруларға жұмсалады


«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау -  бұл қоғам қабылдайтын, ұйымдастырылған іс-қимыл арқылы аурулардың алдын алу, өмір сүруді ұзарту және денсаулықты нығайту жөніндегі ғылым мен тәжірибе», - деді министр. Оның айтуынша Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау моделі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айқындаған функциялар негізінде жүзеге асырылады. Олар:

- тұрғындардың денсаулығы мен тұрмыс жағдайын эпидемиологиялық қадағалау;

- шұғыл жағдайлардың адам денсаулығы үшін қауіптілігіне мән беру, мониторинг жүргізу; 

- қауіпсіз қоршаған ортамен, еңбекпен, азық-түлікпен қамтамасыз ете отырып, денсаулықты қорғау; 

- стратегиялық басшылық; білікті кадрлармен қамтамасыз ету; 

- тұрақты ұйымдастыру құрылымдарымен қамтамасыз ету; 

- ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыру; 

- зерттеу шараларын дамыту болып табылады.  

Министрдің айтуынша, Қазақстанда медициналық шығындардың 95-96 пайызы инфекциялық емес созылмалы ауруларға жұмсалады. Оның ішінде жүрек-қан тамыр және қатерлi iсiк аурулары, созылмалы респираторлық аурулар, диабет секілді ауруларға бөлінетін шығындардың өсукені байқалады. 

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министр 2016 жылы ДДСҰ-мен бірлесіп қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі жедел қызметтеріне өзін-өзі бағалау жүргізілгендігі туралы айтты. Бұл қызметтің міндеті - халықтың денсаулығын қорғау мен нығайту.


Соңғы жаңалықтар