Аймақтар • 25 Сәуір, 2017

ОҚО-да 123 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 123 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

ОҚО-да 123 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді

Осы бағдарламамен Шымкент қаласында - 21 үй, Кентауда - 37 үй, Арыста - 9 үй, Сарыағашта - 13 үй, Шардарада - 8 үй, Мақтаралда - 10 үй жөндеуден өтеді. 

Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 3152 көпқабатты тұрғын үй бар. Ол үйлердің басым бөлігі 1934-1990 жылдары салынуына байланысты тозу деңгейі өте жоғары. Бүгінгі таңда облыс бойынша 1393 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша 2011-2015 жылдары, яғни бес жыл ішінде республикалық бюджет есебінен облыстың 9 аудан, қалаларында 188 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен болатын.

Бақтияр Тайжан,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар