Президент • 26 Сәуір, 2017

Астана – елдігіміздің айнасы

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы­ның нысандарын аралады, деп хабарлады Президенттің баспа­сөз қызметі.

Астана – елдігіміздің айнасы

Мемлекет басшысы жоспардан тыс жұмыс сапары барысында елорданың оң жағалауындағы темір жол вокзалының қызметімен танысып, вокзал маңындағы алаңда қала қонақтарымен, тұр­ғындармен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев «Сары­арқа» ауданының тұрғын­дары­мен әңгімелесіп, оларға табыс пен бақ-береке тіледі, сон­дай-ақ қала­ның коммуналдық шаруа­шылық саласы қызметінің жұмысы туралы ойларын тыңдады.

– Мен жас маман ретінде 10 жыл­ға жуық пәтер кезегінде тұр­дым. Қазір заман басқа. Ұмты­лыс­сыз ештеңеге қол жетпейді. Табыс­қа жету үшін жатпай-тұрмай жұ­мыс істеу қажет, сонда ғана еңбектің жемісін тата ала­­сыздар, – деді Елбасы «Сары­арқа» ауданын­дағы тұрғын үй кешенінің бірінің тұрғын­дары­мен әңгімелесу барысында.

Қазақстан Президенті қала­ның қысқы маусымнан кейін­гі жағ­дайының жақсы екеніне тоқ­талып, шаһардың қызмет көр­сету меке­мелері жұмысының нәти­желерін және елорданы абат­тан­дыру, таза­лықты сақтау жұ­мыстарын жал­ғастыру қажет­тігін атап өтті.

Мемлекет басшысы автомобиль жолдарындағы кептелек проблемалары мен көлік қоятын орындардың жетіспеушілігіне назар аударды.

– Жолдарда көлік өте көп. Қала басшылығы бұл мәселені шешу­дің жолдарын қарастыруы керек. Қажет болған жағдайда, шете­­л­­дік тәжірибе зерттелуге тиіс. Сонымен қатар, түрлі ғимарат­­тар­дың, сауда үйлері мен дүкен­­дер­дің иелері әріп­тестері­мен бірлесіп, өз аума­ғын­дағы тазалық пен тәртіпті қам­та­масыз етуі қажет, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев қаланың ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне уақтылы дайындығы­ның маңыздылығын айтып, бар­лық тұрғындарды елорданы көгал­дандыру ісіне белсене атса­лысуға шақырды.



Соңғы жаңалықтар