Қазақстан • 26 Сәуір, 2017

Журналист жүлдесі − Гонконгке жолдама

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі «Аяла» қоғамдық қорының 10 жылдық мерейтойы­на орай ұйымдастырылған «Қайырымды баспасөз қызметі» атты журналистік байқауда 1-орын алған Екібастұздағы қалалық «Отарқа» газетінің тілшісі Дария Жұмаділова қазір жолға дайындалуда.

Журналист жүлдесі − Гонконгке жолдама

Дарияның айтуынша, бұл байқауға еліміздегі телеарналарда және газеттер мен сайттарда жұмыс істейтін журналистер қатысып, өздерінің 300-ден аса жұмыстарын ұсыныпты.

− Біздің шаһарда «Қайы­рым­­дылық» қоры, «Екі­бас­тұз» балалар қоғамдық қоры жә­не «Екібастұздың болашағы үшін» секілді  бірқатар қоғам­дық бірлестіктер жұмыс істейді. Мен осы ұйымдар тара­пы­нан атқарылып жатқан қайы­рымдылық шаралар, олар­дың тағдыр тәлкегіне ұшыраған жан­дарға жасаған көмегі және ауыр науқасқа тап болған балаларға көрсеткен қолдаулары туралы жаздым. Сондай-ақ, қатерлі дертке ұшыраған екі балаға қам­­қорлық шарасы ретінде қайы­­рымдылық концерті ұйым­дастырылып, жиналған қаржыға олардың шетелде емделіп жат­қанын мақалаға арқау еттім, − дейді әріптесіміз.

Ал, байқау қорытындысында бас жүлдені (Парижге сапар) астаналық журналист Ренат Ташқынбаев жеңіп алыпты. Дарияға екі адамға арналған Гонконгке саяхат жасауға 7 күндік  тегін жолдама берілді.

Жүлдегер журналист  бұл күндері  қалалық «Отарқа» газеті редакторының орынба­сары болып қызмет етеді.  Атал­мыш басылым жақында ғана 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Біз әріптесімізге сәт-са­пар тілеп, адамгершілік, жылылық пен жақ­сылық та­қы­рыбын арқау еткен ма­қалалары көбейе берсін дегіміз келеді.


Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»


ПАВЛОДАР


Соңғы жаңалықтар