Қазақстан • 26 Сәуір, 2017

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы басталды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өз жұмысын бастады.

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы басталды

«Жаңғырудың негізі - тұрақтылық, бірлік, келісім» атты шараға 1500-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында еліміздің барлық өңірлерінен келген Ассамблеяның мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары, ғылыми, шығармашылық зиялылар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және тілшілер қатысуда. 

Соңғы жаңалықтар