Қазақстан • 26 Сәуір, 2017

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының интерактивті картасын әзірлеуді тапсырды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында Елбасы Қазақстан халқының интерактивті картасын әзірлеуді тапсырды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының интерактивті картасын әзірлеуді тапсырды

«Кабинетімде ілініп түрған Қазақстанның үлкен картасына уақ-уақ қарап қоямын және облыстардың, аудандардың, қалалардың, ауылдардың атауларына ғана көз жүгіртіп қоймай еліміздің байтақ аумағында барлығымыз бірге атқарып жатқан зор жұмыстарды елестетесің», - деп Елбасы Қазақстан халқының интерактивті тарихи картасын әзірлеуді ұсынды. 

ҚР Президентінің айтуынша, электронды карта ежелгі қазақ жеріндегі барлық ұлттардың шоғырлану процесін ашық көрсетіп, мемлекет құраушы қазақ халқының айрықша миссиясын паш ететін болады. 

«Білім және ғылым министрлігіне Ассамблеямен бірлесе отырып, ғылыми негізде осындай интерактивті картаны әзірлеуді және оны келесі жыл алғыс күнінде таныстыруды тапсырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар