Қазақстан • 26 Сәуір, 2017

Ақтөбе қалалық полиция қызметінің басшысы ауысты

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы болып 38 жастағы Арман Өтешев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қалалық полиция қызметінің басшысы ауысты

Ақтөбе қалалық жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысы Мақсат Шляшевті прокуратура тексеріп, тергеді. Ол 5 маусымдағы террристік акт кезінде тиісті деңгейді шешім қабылдамады, №6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған лаңкестердің ізіне түспеді деген күдікке іліккен болатын. Сол кезде оның орынбасары Ермек Шукановтың да ісі қаралды. Бірақ Бас прокуратура лаңкестік оқиға кезіндегі құқық қорғаушылардың іс-әрекеттерінен ешқандай кінәрат таппай, істі қысқартты. Бірақ екі полицей басшылық қызметке қайта оралмады. Ал бүгін қалалық жергілікті полиция қызметіне 38 жастағы Арман Өтешев тағайындалды. 

«Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы Қанат Әлиев ұсынған кандидатураны қолдады. Қалалық жергілікті полиция қызметіне Арман Өтешев тағайындалды. Ол 1979 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында туған. Қарағанды заң институтын бітірген. Еңбек жолын учаскелік инспектор қызметінен бастаған. Кейін тергеуші болып жұмыс істеді. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қобда аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары болды. Үйленген. Екі бала тәрбиелеп отыр»,- деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Нұргүл Қонақбаева. 

Айта кетейік, Арман Өтешевтің кандидатурасын қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.


Соңғы жаңалықтар