Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне арналған мерекелік медаль және мерекелік белгі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалі және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» мерекелік белгісі тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалімен және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» мерекелік белгісімен наградтау қағидалары;
2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы және үлгісі;
3) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» мерекелік белгісінің сипаттамасы және үлгісі бекітілсін.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 25 сәуір № 467
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалімен және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» мерекелік белгісімен наградтау ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалімен (бұдан әрі – мерекелік медаль) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» мерекелік белгісімен (бұдан әрі – мерекелік белгі) наградтау тәртібін реттейді.
2. Мерекелік медальмен және мерекелік белгімен қызметі бойынша оң сипатталатын және өз қызметтік борышын үлгілі орындайтын 20 жылдан кем емес қызмет өтілі бар және 2017 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызметте тұрған қызметкерлер мен әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының зейнеткерлері және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын құруға елеулі үлес қосқан басқа да адамдар наградталады.
3. Мерекелік медальмен және мерекелік белгімен наградтау туралы өтініштерді ұсыну және қарау тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.
4. Мерекелік медальді және мерекелік белгіні тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық және өзге де органдарының бастықтары;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери бөлімдерінің (мекемелерінің) командирлері (бастықтары), арнаулы (әскери) оқу орындарының бастықтары жүргізеді.
Наградталған адамға мерекелік медальмен және мерекелік белгімен бірге белгіленген үлгідегі куәлік табыс етіледі.
5. Мерекелік медальді және мерекелік белгіні наградталатын адамның жеке өзіне тапсыру салтанатты жағдайда өткізіледі. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының наградтау туралы бұйрығы жарияланады.
6. Мерекелік медаль және мерекелік белгі кеуденің сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған кезде олардан кейін орналастырылады.
7. Мерекелік медальдің және мерекелік белгінің табыс етілгені туралы наградтауға арналған тізімге тиісті жазба жасалады.
Табыс етілмеген мерекелік медальдар, мерекелік белгілер мен оларға куәліктер қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадр департаментіне қайтарылады, ол туралы тізімдерге тиісті белгі жасалады.
Өткізілген наградтауларды есепке алу, сондай-ақ мерекелік медальдарды табыс ету барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадр департаменті жүргізеді.